Accessibility links

Әзірбайжан сайлаушыларының бармақтары сиямен белгіленбек


Әзірбайжан Орталық сайлау комиссиясы алтыншы қарашада парламенттік сайлауда дауыс беретін сайлаушылардың бармақтары сиямен белгіленеді деді. Бір адамның бірнеше рет дауыс беру мүмкіншілігін шектейтін бұл шараны қолдануға халықаралық демократиялық ұйымдар көптен бері сұрап келеді. Сайлау бақылаушылары мен оппозиция ұйымдары реформаны жылы қабылдады, бірақ бұл шара дауыс беруге бірнеше күн қалғанда қолға алынып жатыр деп көрсетті. Дауыс беру күні жақындаған сайын Әзірбайжанда саяси текетірес күшейе түсті. Президент Ильхам Әлиевке қарсы төңкеріс жасамақ болды деп айыпталып, бірнеше бұрынғы жоғары басшы қамауға алынды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG