Бішкек. Депутат Тынычбек Ахматбаевтың өліміне премьер-министр Феликс Кулов айыпты деп өткен сенбіден бері наразылық шеруін жалғастырушылармен президент Кұрманбек Бакиев бір келісімге келіп, шерушілерді тоқтатты. Депутат пен оның екі көмекшісі қазанның 20-ы күні түрмедегі бүлік кезінде қаза тапқан еді. Бүгін таңертең наразылық танытушылардың өкілдері президентпен кездесті, сөйтіп депутат өлімінің себеп-салдарларын тергеп-тексеру аяқталғанша, шеруді тоқтата тұру жөнінде уағдаластыққа қол жетті.
Президент Бакиев Куловтың отставкаға кетуін талап етіп, наразылық шеруіне шыққандармен келісім жасасты
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Өлімнен құтқарар эликсир
Путин мәңгі өмір сүргісі келе ме? Ресей қартаюмен күресетін ұлттық жоба бастады