Кешегі күні Израилдың солтүстігінде өзін-өзі жарған палестиндік жанкешті шабуылынан бес адам қаза тапқаннан кейін, Израил бүгін таңертеңгісін тізбекті әуе шабуылдарымен жауап берді. Әзірге шығындар турасында ақпараттар жоқ. Кеше Израилдың қорғаныс министрі Шаул Мофаз Иордан өзенінің батыс жағалауында Палестин жасақтарына қарсы қимыл-әрекеттерге көшуге бұйрық берген. Хадера қаласындағы террорлық акт жауапкершілігін Ислам жихады тобы өз мойнына алған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Советті сынау, түрме, Азаттық. Махмет Құлмағамбеттің соңғы сұхбаты
-
Тұңғыш президент күні
Назарбаевта не қалды? Экс-президенттің билігі мен байлығы