Accessibility links

Ауғанстан ресмилері Тәлібан мүшесі деп күдіктелген 14 адамның Пәкістаннан Ауғанстанға әкелінуін құптап қарсы алды


Олар Кабулға сәрсенбі күні жеткізілді. Бұл жөнінде Ауған телеарнасынан көрсетілген. Ауғанстан президентінің өкілі кеше экстрадиция жасалғандардың ішінде осы айда тұтқынға түскен Тәлібан милициясының баспасөз өкілі болған Латиф Хакими де бар деп айтты. İшкі істер министрінің өкілі Юсуф Станизаи күдіктілердің экстрадиция жасалуы Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы оң тұрғыдағы даму деп атап көрсетіп, мұның өзі Ауғанстанның террорға қарсы күресіне көмектеседі деді:

- Бұл екі елдің арасында ынтымақтастықтың өсіп келе жатқанының нақты белгісі және бұл Ауғанстан үкіметі мен халықаралық қауымдастықтың лаңкестікпен күресіп, демократиялық Ауғанстанда құқықтық нормаларды күшейтуіне жеткізеді.
XS
SM
MD
LG