Израиль әскері Газа секторында кеше әуе соққысын жасап, кемінде жеті палестиндік азамат қаза тапты, олардың төртеуі – көтерілісші. Жабалия босқындар қосында "Ислам жихады" тобының төрт мүшесі отырған мәшинеге зымыран атылды. Мәшине маңында тұрған кемінде үш азамат та қаза тапты. Палестиндік жанкесші сәрсенбі күні бес израильдікті өлтірген болатын, Израиль әскері осылайша қарымта шабуылдарын жасады. "Ислам жихады" кек қайтарып, Израильге тағы шабуыл жасаймыз деді. Израиль бас министрі Ариель Шарон палестиндік шабуылшыларға қарсы көбірек тойтарыс береміз, Палестина президенті Махмұд Аббас қарулы көтерілісшілерді баспаса онымен кездеспеймін деп айтты.
Израиль бас министрі Палестина президенті көтерілісшілерді баспаса онымен кездеспеймін деді
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосына – 70 жыл
1992 жылғы 31 мамырдағы аза тұту күні неге Назарбаевсыз өтті?
AzattyqTV