2007 жылдан бастап Қазақстанда білім туралы жаңа заңды қабылдау көзделіп отыр. Осы заң жобасында қашықтықтан білім беру жүйесін енгізудің жолдары да қарастырылған. Білім және ғылым министрілігінің аппарат басшысы Марат Нұрғожиннің айтуынша, тәжірибе ретінде енгізілетін бұл білім беру жүйесіне Қазақстандағы көптеген жоғарғы оқу орындарын қосу көзделіп отыр.
Қазақстан жоғарғы оқу орындары қауымдастығының басшысы Рахман Алшановтың айтуынша, қашықтықтан білім беру жүйесінің тиімділігі зор. Атап айтқанда, спутниктік жүйе іске қосылғаннан кейін, жоғарғы оқу орындарының студенттері білікті профессорлардан білім алуға және олар дәріс оқыған кезде сауал қоюға мүмкіншілік алады. Сондай-ақ Қазақстан жоғарғы оқу орындары қауымдастығының басшысы Рахман Алшанов өз сөзінде қашықтықтан білім беру жүйесін дамытуда қазақ тіліндегі оқу құралдарының жетіспейтіндігін де тілге тиек етті.
Халықаралық конференция жұмысына ақпараттық және коммуникациялық қауіпсіздік жөніндегі НАТО кеңесінің төрағасы Хенк ван Линде мырза да қатысып сөз сөйледі. Өз сөзінде НАТО-ның ақпараттық және коммуникациялық қауіпсіздік жөніндегі кеңесінің төрағасы Хенк ван Линде мырза қашықтықтан білім беруді дамыту үшін Орта Азия елдері, оның ішінде Қазақстан үшін де көптеген мүмкіндіктердің бар екендігіне айрықша тоқталып өтті. Қазақстандағы ғылыми-көпшілік компьютерлік жүйесін пайдалану қауымдастығының бас директоры Борис Жапаровтың айтуынша, қашықтықтан білім беруді түбегейлі шешуде көп мәселеге қаржыға тіреліп тұр.
«Қазақтелекомның», оның ішінде бұл байланысты қамтамасыз ететін спутниктік операторлардың тарифы өте жоғары болып отыр. Мысалы, Қарағанды мен Алматының арасындағы секундына екі мигабайттық жылдамдықтың бағасы айына 20 мың доллар тұрады. Сондықтан да біз тұңғыш рет ұшырылғалы отырған «КазСат» спутнигіне үлкен үміт артамыз», - дейді Қазақстандағы ғылыми-көпшілік компьютерлік жүйесін пайдалану қауымдастығының бас директоры Борис Жапаров.
Қазақстан жоғарғы оқу орындары қауымдастығының басшысы Рахман Алшановтың пікірінше, қашықтықтан білім беру жүйесіне бөлініп отырған қаражат оны өз дәрежесінде дамыту үшін жеткілікті емес. Кейбір сарапшылар, Орта Азия мен Қазақстандағы оқу құралдарының сапасы аса жоғары болмағандықтан, қашықтықтан білім беру жүйесін енгізудің тиімділігі зор деген пікір айтады.