Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің айтуынша, ұлттық компаниялар қайтадан өз кәсіпорындары арқасында қайтадан ақырындап жекешелендіріп жатыр.
«Олигархтарға қарсы» бағдарлама аталып кеткен шара президенттік сайлауда Назарбаевтің қарсыласы бола алатын үміткерлерді қаржыландыруды жүзеге асыруға шамасы жететін кәсіпкерлерге қарсы бағытталуы мүмкін, дейді саясаттанушы Сәбит Жүсіпов. Ал, «Мұнай-аспап кәсіпорнының» бас директоры Сейілбек Калаговтың айтуынша, ірі отандық холдингтердің салалық емес активтерін шағын және орта бизнес кәсіпорындарына беру керек:
- Олардың өздерінің үлкен жұмыстары бар. Ал, олар қосымша жұмыс алып алған. Егер, кіші кәсіпорындарға берсе, жұмыс орындары көбеер еді.
Осы жиында көтерілген тағы бір мәселе жемқорлықты азайтуға арналды. Осыдан бір ай бұрын өткізілген «Шенеунік және кәсіпкер» акциясы барысында тек Алматы облысында 46 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, 50-ге жуық тұлға – тәртіпке шақырылды деп хабарланған. «Трансперенси интернешнл» халықаралық ұйымының мәліметі бойынша, Қазақстан жемқорлық кездесетін елдердің тізімінде әліде соңғы орындарда келеді деп отыр. Ал, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің айтуынша, жемқорлықты азайту үшін, үкіметке мемлекеттік органдардың қызметтерін бағалайтын рейтинг жасау тапсырылған.
Алматыдағы «Бірінші сыра зауытының» директоры Ақылбек Алғажиевтің айтуынша, шенеуніктерді міндетті түрде сынау керек:
- Бір жыл ішінде шенеунік өз жұмысын халыққа көрсетіп жауап берсе, рейтінгі ұлғаяды. Ал, істей алмаса жұмыстан босатылуы керек, деп ойлаймын.
Осы жиында сөз болған келесі мәселе, тексерушілерді азайту. Ол үшін заңдарға өзгеріс енгізу ұсынылған. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Сауат Мыңбаевтің айтуынша, қазір кәсіпкерлікті жақсарту үшін 62 заңға өзгеріс енгізу жоспарланған. Ал, кәсіпкерлік туралы заңда бірінші рет тексеретін органдардың нақты тізімі жасалады.
«Мұнай-аспап кәсіпорнының» бас директоры Сейілбек Калаговтың айтуынша, тексерушілер санын міндетті түрде азайту керек:
- Қазір 54 мекеме тексереді. Республикадан, облыстан, қаладан, ауданнан 54-ті 4- ке көбейтіп көріңіз. Мені бір күнде 11 тексеруші бірақ тексерген.
Алматыдағы «Бірінші сыра зауытының» директоры Ақылбек Алғажиевтің айтуынша, тексерушілер азайса, кәсіпкерлер өз жұмысын бұданда сапалы жасар еді:
- Егер, тексерушілер аз болса, кәсіпкер өз жұмысына көп уақыт бөлер еді.
Осы жиында айтылғандай, қазір негізгі 2 бағдарлама бойынша жұмыс жүргізілуде. Олар өндірістік саясат және ауыл шаруышылық саласына қатысты. Сондай-ақ, осы жиында жұмыс орындарын ұлғайту үшін, қазіргі жастарға кәсіпорындар күшімен мамандық беру ұсынылды. Президент Назарбаевтің айтуынша, бұлай істелмесе көп ұзамай қазақстандық кәсіпорындарға мамандар жетіспей қалады.