«Әділетті Қазақстан үшін!» қозғалысы орталық кеңесінің мүшесі, «Өз үйімізді қорғаймыз!» қоғамдық комитетін ұйымдастыру тобының жетекшісі, оппозициялық саясаткер Маржан Аспандиярованың үстінен қозғалған әкімшілік істі қараған сот оны қазан айының 8-күні Алматы қаласындағы Астана алаңында рұқсат етілмеген митингіні ұйымдастыруға белсене қатысқан адам ретінде айыпты деп тауып, қазанның 26-күні оппозиция белсендісін он тәулік әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарған еді. Әйткенмен Аспандиярованың қоғамдық қорғаушыларының қалалық сотқа шағымдануы нәтижесінде, Алматы қалалық соты оппозиция қайраткеріне әлгіндей жаза тағайындаған ауданаралық мамандандырылған әкімшілік соттың шешімін өзгертіп, оған бір тәуліктік әкімшілік қамау жеткілікті деген ұйғарым шығарған.
Осылайша бір тәуліктен астам уақыт қамау жазасын өтеп шыққан Маржан Аспандиярова өзіне байланысты өткен сот шешімдерінің саяси астары бар екенін айтады. Оппозиция белсендісі өзіне тағылған айып негізсіз деп санайды. Ол Алматыдағы Астана алаңында қазанның 8-күнгі жиынға өзінің тек сенатор Зәуреш Батталовамен кездесуге барғанын айтады.
«Алайда, заң орындары маған рұқсат етілмеген митингіге қатыстың және онда белсенділік танытып, саяси ұрандар айттың деген айып тағып отыр, олары – орынсыз», - дейді ол.
Маржан Аспандияроваға дейін Алматы қаласының әкімшілік сот тура әлгіндей айыппен «Әділетті Қазақстан үшін!» қозғалысының өзге де бес белсендісіне 20 мыңнан 50 мың теңгеге дейінгі мөлшерде айыппұл салған болатын. Ал Маржан Аспандияроваға неліктен жаза қатқылдау болды деген сұрағымызға әкімшілік сотынан жауап ала амладық. Ал қазаның 8-күнгі ол оқиғаның басты кейіпкері Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаты Зәуреш Батталова бұл жазамен өзінің келісе алмайтындығын айтады. Сондай-ақ Маржан Аспандиярованың қоғамдық қорғаушысы Айсұлу Қадырбаева:
«Бұл - биліктің саяси қарсыластарын сайлау барысында қорқытпақ сыңайы. Сондықтан Маржан Аспандиярова сынды саясаткерлерді қорғайтын қоғамдық комитет құрып отырмыз», - дейді.
«Әділетті Қазақстан үшін!» қозғалысының орталық кеңесінің мүшесі, «Өз үйімізді қорғаймыз!» қоғамдық қозғалысының жетекшісі, саясаткер Маржан Аспандиярова бұған дейін де Алматы қалалық ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен бес тәуліктік әкімшілік қамауға алынған болатын.