Accessibility links

Ирақта қаза болған әскер санының 2000-ға жетуі, АҚШ жасақтарының бұл жерден шығарылуына үндеуі мүмкін


Американдықтар үшін Ирақ соғысы ауыр кезең болып, бұл қақтығыста 2000 АҚШ әскері көз жұмып отыр. Қаза болғандардың көбеюі, Құрама штаттарда соғысқа қарсылар қатарын өсіруі мүмкін. Бірақ, «Азаттық» радиосының тілшісі Эндрю Тулидің хабарына қарағанда, АҚШ әкімшілігінің басшысы Джордж Буш бірнеше рет Ирақтан АҚШ әскерінің шығарылуы үшін кесте жасалынбайтынын қайталап отыр.

Құрама штаттар 2003 жылдың наурыз айында Ираққа соғыс операциясын бастағанда, американдықтардың аз ғана бөлігі осы соғыста адам шығынының 2000-ға жететінін пайымдап айтқан еді. Бұл қиын кезең шарықтау шегіне жеткен тұста, Ақ үйдің өкілі Скот МакКлеллан АҚШ әкімшілігі соғыста жоғалтқан әскери киімдегі қыз-жігіттері үшін қайғырып отырғанын айтты. Бірақ, ол Құрама штаттар Ирақ, Ауғаныстан және басқа жерлердегі күрестерін жалғастыра береді деген:

«Олар өз өмірлерін азаттықты қорғау үшін қиды. Және даңқты болудың ең жақсы жолын терроризммен күресте құрбан болғандар жасады»,- дейді Ақ үйдің өкілі Скот МакКлеллан.

Ирақта 2000 мыңдай жасақтың мерт болғаны американ қоғамында соғысқа қарсы адамдардың қатарын көбейтуі мүмкін. Кортландағы Нью-Йорк мемлекеттік университетінің саяси ғылымдар жөніндегі профессоры Роберт Спайдзердің айтуынша, бүгінде көптеген американдық Уашингтонның соғысқа қатысты себептеріне күмәнді болып отыр. Оның сөзіне қарағанда, көпшілік қаза болғандар санының өсуін соғыстың тым қымбатқа түскені ретінде көреді.

«Мұнда соғыстың көлеңкесінде ол туралы түрлі ойлар айтылып қана қоймай, нәтиженің өзі де өте суық деуге болады. Адамдар, жарайды біз мұны неге жасадық деп айтады, бұл жерде американың мүддесі оншалықты қызмет ете алмады, біз қатты сыналдық тіпті одақтастарымыз тарапынан да. Ирақтағы оппозиция барған сайын көбірек және жақсы ұйымдасуда, бұдан АҚШтың жаяу әскерлеріне қарсы соғыс кең етек алып келе жатқандығы байқалады. Одан шығатынның бәрі бірдей жақсы емес»,- дейді Роберт Спайтзер.

Сауалнамада қоғамдық пікірлер американдықтардың соғысты қолдауы өте төменгі деңгейде екенін көрсетеді. Нью Йоркте орналасқан әлемдік саясат институтының американдық саяси сарапшысы Уильям Хартунгтың айтуынша, Құрама штаттар қоғамы егер тек дұрыс жағдайлар үшін деп сенгенде ғана әскерлерінің көп шығынына дайын екенін көрсетіп отыр.

«Егер американ қоғамының басым бөлігі соғысты заңды деп сезінсе, ол мемлекетті қорғайды және сондай тұрғыда болады. Менің ойымша, онда адамдар сенімінен гөрі құрбандыққа көбірек дайындық бар. Менің пікірімше, әкімшіліктер кейде қоғамның қалай қабылдайтынын дұрыс бағаламайды. Бірақ мен, соғыс шындығында дәйекті дәлелмен негізделуі керек деп ойлаймын. Ирақтағы бұл соғыс үшінгі негізгі себептер түрлі жағдайда әкімшіліктің қолынан сырғып шығып отыр» - дейді У.Хартунг.

Соғыс басталмай тұрғанда, АҚШ президенті Джордж Буш пен қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд бұл соғыс аздаған шығынмен тез аяқталады дегендей әсер қалдырған болатын. Екі жылдан асып отырған тұста, АҚШ әкімшілігі өздері күткендегіден де бұл соғыстың қиын болғанын мойындап отыр. Тіпті осындай жағдайда да олар Ирақтан американ әскерлерін шығару жөніндегі мерзімді бекітуден бас тартуда. АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс таяуда Конгресте сөйлеген сөзінде, қазірден бастап есептегенде, Американ жасақтары Ирақта әлі де 10 жыл болады деген.

Құрама штаттарда соғысты қолдаушылар әлі де табылып отыр, олар Саддам Хуссейн мен оның БААС партиясының режимін құлату дүниежүзін қауіпсіз етті деп айтады. Бұл тұрғыда Американың консервативті коментаторы, «Фокс Ньюс» тілшісі Шон Ханнити, өткен айда телеарнадағы қоғамдық талқылаулар барысында соғысты жақтап сөйлеген сөзінде:

«Үш жыл ішінде, Садамның ұлдары Ұдай мен Құсай өлтірілді. Саддам сотта айыпталып, ол қажетті жауапқа тартылады. Біз қашып жүрген 70 проценттей Әл Қаида өкілдерін ұстадық. Біз терроризммен соғыста жеңіп келеміз. Ол қиын жұмыс болды»,- деген.

Бүгінде көптеген американдық Саддам Хуссейн Құрама Штаттарға шындығында қауіп төндірді дегенге, әсіресе қазір Ирақта заңсыз жаппай қырып жою қаруы табылмаған соң күдікпен қарап отыр. Ирақта әлі де жалғасып жатқан бүлікшілдердің көтерілісі АҚШ қоғамында Ирақта тұрақтылық қалыптасқанша қалуға міндеттеп отыр. Бірақ, әлемдік саясат жөніндегі институттың өкілі Хартунг, енді Ирақта қаза болған әскерлер қатары 2000-ға жеткенде, американдықтардың басым бөлігі АҚШ жасақтарының бұл жерден шығарылуына шақыруы мүмкін деп отыр.

Бұл жерде қаза болған американдық әскерлердің саны осы соғыста қайтыс болған Ирақтағы бейбіт тұрғындардың тек бір бөлігі ғана болып отыр. Олардың есебіне тоқталсақ ол қаза тапқандардың қатары 26 мыңнан асқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG