Еуропа Одағы Әзірбайжан басшылығына қайырылып, 6 қарашаға белгіленген парламенттік сайлау халықаралық демократиялық талаптарға сай болмауы мүмкін деген алаңдаушылыққа құлақ асуға шақырды. Әзірбайжанда соңғы күндері өткен қоғамдық демонстрацияларда полиция халыққа қарсы жөнсіз күш қолданды деп мәлімдеді Еуропа Одағының кезекті төрағасы Британия. Оппозициялық топтарға еркін түрде демонстрация мен шерулерді өткізуге рұқсат берілмей отыр, рұқсатсыз жиналыстар полиция күшімен тарқатылады деп аталды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі