Accessibility links

Сарапшылардың пікірінше, Ақ үй ресми өкілінің құпия мәліметті таратты деп айыпталуы, АҚШ-тың сыртқы саясатына аз ғана әсерін тигізеді


Уашингтонда Орталық Барлау агентінің атын баспасөзге кім таратты деген мәселе бойынша жүргізілген екі жылдық тергеу шарықтау шегіне жетті. Жұма күні вице-президент Дик Чейни штабының басшысы Льюис Либби тергеуге жалған ақпарат берді деп айыпталды. Заң өкілдері Ақ үйдің тағы бір қызметкері, президенттің кеңесшісі Карл Роувтың үстінен де тергеу жүріп жатқанын айтып отыр. Бұл жағдайлар президент Буш әкімшілігіне айтарлықтай көлеңке түсіруде. Бірақ, сарапшылар бұл АҚШ-тың сыртқы саясатына аз ғана әсерін тигізеді дейді.

Мұндай жанжалды жағдай яғни, Ақ үйдің ресми өкілінің айыпталуы 130 жылдан кейін бірінші рет орын алып отыр. АҚШ президенті Джордж Буштың осы мәселеге орай білдірген бірінші реакциясы, бұл өте күрделі жағдай, бірақ бізде әлі оны реттейтін жұмыстар бар деген.

Сөйтіп ол, Ақ үйдің жоғары өкілі Льюис Либбиге айып тағылғанын үлкен мәселе деп сипаттағанымен, Джордж Буш Льюис Либбиге әзірше айып тағылса да, оның кінәсі сот арқылы әлі дәлелденбегенін атап көрсетті.

“Бүгін мен Либбидің қызметінен кету аразын қабылдадым. Ол американ халқы үшін қажымай жұмыс атқарды және бұл елге қызмет ету жолында өзін құрбан етті. Ол біздің ұлттық тарихымызда вице президент пен маған айрықша көп уақыт қызмет жасады”, - деді АҚШ президенті.

Бұл айрықша көп уақыттың ішіне, екі жыл бұрынғы АҚШ бастаған күштердің Ирақты басып алуы да кіріп отыр. Онда Либби соғысты бастау үшінгі оқиғаны құрастыруда және жаппай қырып жою қаруы табылмаған соң да басып кірген әрекеттерін ақтап шығу істерінде негізгі роль атқарған. Оны “Чейнидің Чейниі” деп атап, оның ықпалының көрсеткіші Құрама штаттардың осы тарихындағы ең мықты вице президенттің бірі ретінде қаралған.

Сол себепті сарапшылар бұл Ақ үй үшін жақсы жаңалық емес деп отыр. Енді бұл мәселе, Американың соғысқа бару шешімі мен Ирақта АҚШ әскерлерін ұзағырақ қалдыру жағдайына жаңадан зерттеу жүргізуді көтеруі мүмкін дейді сарапшылар.

Саяси бәсекелестер бұл тұрғыдағы пікірталасты қайта өрбітуге тырысуы мүмкін болып отыр. Бірақ, сарапшылар бұл жағдай АҚШ-тың келешектегі қандайда бір сыртқы саясатына қатты әсер ете қоймайды дегенді айтады. Халықаралық зерттеулер мен стратегиялар орталығының сыртқы саясат жөніндегі сарапшысы Мишель Флоурной, Либби жайында мынандай пікір айтады.

“Бұл проблема осы ақпартты Ираққа соғыс ашу жолында қалай қолданды және шындығында қалай пайдаланды деген тұрғыда әкімшіліктің жалпы бірауыздылығын байқатады. Және сондықтан менің ойымша, бұл ахуалды қыздыра түседі, бірақ мен іс жүзінде бұл Американың сыртқы саясатындағы басқаруын кремет бір өзгеріс әкеле қояды деп ойламаймын”, - дейді сарапшы М.Флоурной.

Бақылаушылардың сөзіне қарағанда, осыған дейін бұрынғы президенттер ішкі дағдарыстың арасында сыртқы саясатты жүргізуге тырысты. Сондай бір жағдайдың бірі 1970 жылғы “Уатергэйт” жанжалына қатысы болғаны үшін президент Ричард Никсонды биліктен кетуге мәжбүр еткен болатын. Алайда, онымен салыстырғанда, Орталық Барлау агентігінің құпия ақпаратын тарату одан күрделірек болып отыр.

“Менің пікірімше, бұл жерде болып отырған жағдай қылмыс болуы да мүмкін, бірақ мен бұл ұлттық негізде ұлттық қауіпсіздік мүддеге немесе демократиялық жолға нұқсан келтіретін қылмыс деп ойламаймын. Менің пікірімше, бұл жанжалдың ең төменгі деңгейі”, - дейді АҚШ-тың қауіпсіздік саясаты жөніндегі сарапшысы Майкл Оу Ханлон.

Бірақ, бұл жанжал Буш әкімшілігінің шетелдегі беделін түсіре ме дегенге, тағы бір сарапшы Роберт МакЖейан:

“Жоқ, мен олай деп ойламаймын”, - деген.

Сөйтіп, АҚШ вице-президенті Дик Чейнидің кеңесшісі Льюис Либбидің ісі сотта қаралады. Егер ол құпия ақпарат таратып, тергеу орындарына жалған мәлімет берді деп табылса – 30 жылға дейін сотталуы ықтимал. Және оған көп мөлшерде қаржылай айыппұл төлеу де қажет болады дейді заңгерлер.
XS
SM
MD
LG