ТАЛЬ-АФАР. Ирақ полициясы елдің солтүстігіндегі Таль-Афар қаласында 14 адамның мәйіттерін тапты. АҚШ әскерінің хабарлауынша, қаза тапқандардың 12-сі оққа ұшқан. Қыркүйектің басында АҚШ пен Ирақ күштері бүлікшілермен соғысып, Туркоман қаласын өз бақылауына алған болатын. Басқа да хабарларға қарағанда, жексенбі күні Бағдадта қарулы адамдар Ирақ үкіметінің кеңесшісі Ғалиб Абдул Мехдині өлтірген. Бұл шабуылға байланысты жауапкершілікті Ирақтағы Әл-Қаида ұйымы өз мойнына алды. АҚШ қорғаныс департаментінің жариялаған мәліметтеріне қарағанда, 2004 жылдың қаңтар айынан бері бүлікшілердің шабуылдарынан 26 мыңға жуық Ирақ азаматы қаза тапқан немесе жараланған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"
-
Тель-Авив пен Тегеран текетіресі
Иранға соғыс, Ливанға гуманитарлық апат төніп тұр. Таяу Шығыста не болып жатыр?
-
Мәдениет алаңы
"Талақ" фильмі: даудың басы – әйел теңдігі
-
Тіл және жазу мәселесі
Түркі елдері ортақ латын әліпбиін енгізбек, бірақ оған Қырғызстан әлі дайын емес. Неге?