ДАМАСК. Сирия араб елдері лигасының басқосуын тезарада өткізуге шақырды. Ал кеше БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Сирия Ливанның бұрынғы премьер-министрі Рафик Хариридің өлімін зертеп жатқан халықаралық тергеушілермен бірге жұмыс істеуі керек деген қарарды мақұлдаған болатын. Ресей мен Қытай аталған қарардың Сирияға қарсы санкция қолдануға бағытталған баптарын алып тастаған соң, бұл құжат бекітілді. АҚШ, Ұлыбритания және Франция елдері әзірлеген бастапқы құжатта егер Сирия осы мәселеге орай халықаралық тергеушілермен әріптестік орнатпаса, онда оған қарсы жаза қолданылуы керек делінген еді. Жақында БҰҰ-ның арнайы комиссиясы Хариридің өліміне Сирия өкілдерінің қатысы болуы мүмкін деген баяндамасын жариялаған болатын. Бірақ ресми Дамаск мұны жоққа шығаруда. Харири мен тағы басқа 20 адам осы жылдың ақпан айында Бейруттегі жарылыстан қаза тапқан болатын.