Accessibility links

Еңбек кодексіне өзгерістер енгізіліп, заң халықаралық талаптарға жақындастырылатын болады


Жуық арада еңбек кодексіне өзгерістер енгізіліп заң халықаралық талаптарға жақын болатын болады. Бұл туралы Қазақстан президенті Назарбаев қазанның 31 күні кәсіподақтар съесінде хабарлады. Ал, заң жобасын талқылап жатқан жұмыс тобы өкілдерінің айтуынша, ескі заң еңбеккерлердің құқын қорғамайды. Қазіргі заңда тіпті зейнет төлемдерінің өзін өтеу, міндетті емес, өз еркімен төленсін деп жазылған, дейді олар.

Кәсіподақ ұйымдары айтып өткендей, бүгінгі таңда еңбек заңдары аяқ асты болып отыр. Екі мыңыншы жылы қабылданған әлеуметтік серіктестіктің барлық жақтары заңға сәйкес, тең құқылы болғанымен, аймақтардағы жұмысшылар өз құқықтарын біле бермейді. Бірақ, басты проблема еңбекақы әліде кішкентай, дейді кәсіподақ өкілдері. Ал, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Қазақстандағы орташа еңбекақы, зейнетақы және жәрдемақы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы территориясындағы ең жоғарғысы.

Кәсіподақ өкілдерінің айтуынша, ішкі жалпы өнімді жан басына бөлгендегі көрсеткіштің тек 40 пайызы еңбекақыға жұмсалады. Зияткерлік еңбекті бағалау деңгейі өте төмен. Соның кесірінен біз жоғары білікті мамандардан, ғылыми потенциалдан айрылып келеміз. Еңбекақыны инфляциядан қорғау жұмыстары жүргізілмейді, дейді кәсіподақ өкілдері. Бұрыңғы депутат Алимпиада Черкашинаның айтуынша, кеншілермен метталургтердің жұмысы өте ауыр, ал, еңбекақысы тым кішкентай. Орташа еңбекақының үлкен болып тұрғандығы олигархтардың еңбекақысынағана байланысты, дейді ол.

Съезд делегаттарының айтуынша, ең төмен еңбекақы ауылдарда беріледі. Бұған дейін, ауылды қолдау жылдарының шараларын жариялаған кезде, Қазақстанда білікті және арзан жұмыс күшінің болуы басқа елдермен салыстырғанда аса маңызды артықшылық болып табылады, делінген. Ауылды қолдау жылдарының шараларын жариялаған кезде, елді мекендердегі ұстаздардың еңбекақысын 30 пайызға көтеру керек, деген ұсыныс жасалған болатын. Кейін, біртіндеп мұғалімдердің қаражаты ұлғая бастады. Бірақ, бұл әліде жеткіліксіз, дейді ауыл тұрғындары. Алматы облысының Қарашоқы ауылының тұрғыны Бақберген Жайламысов ауылда туып өсіп, осында қызмет етуге қалған аздаған ауыл жастарының бірі. Бақберген мектептегі еңбекақымыз бала-шағамызды асырауға жете бермейді, деген пікірімен бөлісті.

- Ақшаларын көтеріп жатыр, бірақ салығын басқасын көтеріп тастады. Ақшаны қалай көтереді, қалғанын солай көтереді. 30 пайыз қосты, ақшамыз көбейді, деп қуанды. Бірақ, салық та көбейді. Мысалға, 2 мыңға түсіп кетті еңбекақысы. Неменесіне көтереді оны?

Ал, кәсіподақ өкілдерінің айтуынша, ең басты проблема тұрғындардың зейнет жүйесімен толық қамтылмауында жатыр. Жұмысқа қабілеті бар 8 миллион адамның тек жартысына жуығы ғана зейнетақы жинақтау қорларымен жұмыс істейді. Және олардың тек 2 миллионығана қорларға тиесілі жарналарын уақытылы төлеп келеді. Зейнетақы қорларына қаражатты уақыты аудармаған жұмыс берушілер сол берешегінің 50 пайызы көлемінде айыппұл төлеуге тиіс. Бірақ, Қостанай облысы кәсіподақтарының төрайымы Балбөпе Ертаеваның айтуынша, жағдайды ретке келтіру үшін, заңдарға өзгеріс енгізу қажет:

- Қиын жұмыстарда істейтін адамдар уақытында зейнетке шығу үшін, 63-тен ертерек шығу үшін, жұмыс беруші қазіргідей өз еркімен емес, міндетті түрде ақшасын дер кезінде аудару керек.

Ал, Қазақстан президенті Назарбаевтың айтуынша, жуық арада еңбек кодексіне өзгерістер енгізіліп, заң халықаралық талаптарға жақын болатын болады.
XS
SM
MD
LG