Accessibility links

Өзбекстанда оппозиция өкілдері мен құқық қорғаушылар саяси қуғын-сүргінге тап болып отыр.


Бақылаушылардың айтуынша, Өзбекстан үкіметі мамыр айында орын алған Әндіжан қанды қырғынынан бері елдегі көптеген оппозиция өкілдері мен құқық қорғаушылардың қимыл-әрекеттерін шектеу қадамдарына кірісті. Демек, қуғын-сүргінге ұшыраған құқық қорғаушы белсендінің бірі Елена Урлаева соңғы үш ай бойы психиатриалық ауруханада жатып, ол жерден өткен аптада ғана шығарылып отыр. Ал басқалары, яғни оппозиция жетекшісі Санжар Умаров пен Мутабар Тожибоева полиция қамауында жатыр. Сонымен Өзбекстанның таяуда ғана Әндіжан оқиғасына қатысқан қылмыскерлер деген айыптары бойынша сот процестері аяқталып қалған тұста, елдегі белсенді топтар үшін саяси қуғын-сүргін жалғасып отырғаны мәлім болып отыр.

Елена Урлаева көз жасын әрең ұстай отырып, Азаттық радиосындағы Өзбек қызметінің Ташкендегі бюросына берген сұхбатында, өзіне билік өкілдері қысым көрсеткен психиатриалық емханадан өткен аптада қалай шыққанын түсіндіріп берді:

“Мен ұйықтап жатқам. Сағат 10-да, медицина қызметкерлері маған келіп, Елена өз заттарыңызды жинаңыз, олар сіз үшін келіп тұр деді".

Бұл белгілі құқық қорғаушы белсенді өкіл - Елена Урлаеваның жындыханада үшінші рет ұсталуы. Ол тамыз айында бұл жерге тағы әкелінгенде, көпшілік оны биліктің белгілі оппозиция өкілдерін басып тастау қадамдарының бірі ретінде таныды. Бұл науқан өткен мамыр айындағы Әндіжан көтерілісін күшпен басып тастағаннан кейін күшейе түсті.

Урлаева Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың режимін сынаған деректер жинағаны үшін және Өзбек елінің ұлттық көрінісін сипаттап карикатура шығарғаны үшін тамыз айында ұстаған болатын. Кейбір құқық қорғаушы белсенділер, билік Урлаеваны Өзбекстанның тәуелсіздік күні қарсаңында қоғамдық шерулер ұйымдастырмасын деп оның алдын алып қамауға алғанын айтып отыр. Жергілікті белсенділер Урлаеваның жындыханадан шығарылғанына қуанышты екенідіктерін жеткізді, дегенмен басқа да көптеген оппозициялық топтардың өкілдері оның ішінде 22-ші қазанда тұтқынға алынған Санжар Умаровтың қамауда отырғанына алаңдаушылық танытып отыр.

Батыс пен Өзбекстанда іскерлік мүдделері болған қаржы алпауыты Умаров, көрші Қырғызстандағы “қызғалдақ” төңкерісінен кейін сәуір айында өзінің “Күн шуақты Өзбекстан” тобын құрған болатын. Содан бері ол, Өзбек үкіметінің биліктен кетуіне үндеп, Әндіжан көтерілісшілерін әскери күшпен басып-жаншығаны үшін Каримовты ашық сынға алып келген еді. Санжар Умаров Өзбекстан билігін саяси диалог бастауға шақырғаннан кейін-ақ, қамауға алынды. Ол сондай-ақ, Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа жазған хатында, Ресеймен мықты байланыс құруға шақырған және өзінің Өзбекстандағы соңғы саяси дағдарыстың шешімін табу үшінгі ниетін білдірген. Өзбекстанның Бас прокуратурасы өткен аптада демек, 26-шы қазанда, Санжар Умаровқа алаяқтықпен ақша жымқырды деген айып тағылып отырғанын жариялады. “Күн шуақты Өзбекстан” тобы бұл тұтқындаудың саяси астары бар дегенді айтады.

Умаровтың адвокаты Виталий Красиловский өткен аптада өз қорғауындағы қамауда отырған Умаровқа барғанын айтып, ол жердегі Умаровтың психикалық денсаулығына алаңдаулы екенін жеткізген. Адвокат Красиловский әзірге өзінің Умаровтың қамалуына қатысты құжаттар мен оған тағылған айыптарды қарап жатқанын айтқан. Оның сөзіне қарағанда, оған келешекте өз клиентінмен кездесуге рұхсат берілмейді.

“Сол уақыттан бері, мен ол туралы ештеңе танып-біле алмай отырмын. Мен тіпті телефон арқылы да Санжар Умаровтың денсаулығы туралы сұрай алмаймын. Бұл жауапсыздық! Билік әдейі Умаров туралы ештеңе білмесін деп мені алшақ ұстағысы келеді. Менің басқа деп айтатындай ойым жоқ”, - деді адвокат Виталий Красиловский.

Қамауда отырған тағы бір белсенді Мутабар Тожибоева Умаровтан ертерек осы айдың басында, яғни 7-қазанда қамауға алынып, оның Дублиндағы құқық қорғаушылардың конференциясына баруына жол бермеген. Мутабар Тожибоеваның атын атамауды сұраған қорғаушысы өз клиентінің денсаулығы нашарлағанына қарамастан, оның да Мутабар Тожибоевамен кездесуіне рұхсат бермей отырғанын айтуда.

“Мутабардың жағдайы өте нашар. Ол аштық акциясын бастаған. Түрме басшылары бізде жұмыс өте көп, адам тым көп дейді, мен Бас прокуратураға шағымдануым керек, олар Мутабарға дәрі бере алмаған. Ол қансырап жатқан”, - дейді Мутабар Тожибоеваның адвокаты.

Дүйсенбі күні Fergana.ru вебсайтында, мамыр айындағы Әндіжан көтерілісінен кейін, қамауға алынған Өзбек саясаткерлері мен құқық қорғаушы белсенділерінің тізімі жарияланыпты. Бұл Өзбекстанның тәуелсіз адам құқығын қорғаушы қоғамы жасаған тізімде 19 әйел мен ер азаматтың аттары бар.

Ол тізімде бірінші тұрған Сайджахон Зайнабиддинов Әндіжандағы апеляция құқықтары тобының басшысы, ол соңы мамыр айындағы көтеріліске әкелген әндіжандық 23 кәсіпкердің сотын бақылаған. Зайнабиддинов шетелдің журналистерге сұхбат берген соң 23 мамыр күні тұтқынға алынған. Сонымен қатар, 27-ші қазанда Өзбекстанның орталық қаласы Жіззақта Өзбекстанның тәуелсіз адам құқығын қорғаушы қоғамының мүшесі Насим Исаков қамауға алынған.

Құрама штаттарда тұрып жатқан өзбекстандық оппозиция белсендісі, Демократиялық Өзбекстан Конгресінің басшысы Жахангир Маматовтың айтуынша, Әндіжан көтерлісінен кейін, Өзбек билігі бұрындары талай рет қолданып келген жаппай қуғын-сүргін тәсілдерін қолға алып жатыр.

“Қорқынышты репрессиялар әрбір үлкен оқиғадан кейін басталады. Ислам Каримов көтерілісті оппозицияның өсуін тоқтату үшін ұйымдастырады. Сөйтіп ол, қоғамның жетекші күштерін жоқ қылып тастайды. Бұл оның саясаты”, - деген АҚШ-та жүрген өзбек оппозиционері Маматов.

Оның айтуынша, алайда бұл әдіс-тәсілдер Әндіжан көтерілісіне әсер ете алмады. Маматовтың пікірінше, адамдар Каримов режимінің мұндай репресияларынан көбірек хабардар. Әндіжан оқиғасы Құрама штаттар мен Еуропа Одағының бұл жағдайға халықаралық тәуелсіз зерттеу жүргізуге шақыруына итермеледі. Еуропа Одағы осы айдың басында Өзбекстанға қарсы санкция енгізді.
XS
SM
MD
LG