Accessibility links

Қырғызстандағы түрмелерде жаңа шайқастық толқулар орын алды


Кеше Қырғызстан астанасы Бішкек маңайындағы №31-ші түрмедегі тұтқындар мен қауіпсіздік күштері арасында шайқас болып, кей хабарға қарағанда, 20 шақты тұтқын қаза тапқан. Ал түрме әкімшілігінің басшысы Мүкееевтің айтуынша, 31-колонияда 4 тұтқын, Петровка қыстағындағы абақтыда тағы да екі адам атып өлтірілген. Қантөгісті жанжал 20 шақты тұтқынды басқа қамау мекемесіне көшірер кезде басталған. Олардың арасында қылмысты топ жетекшісі, шешен текті Әзиз Батукаев болған. Азаттық тілшісіне Қырғызстан әділет министрі Қайыповтың айтқанындай, 31-колониядағы тұтқындар алдымен атысуға кіріскен. Бірақ қырғызстандық құқық қорғаушы Тұрсынбай Бәкірұлының айтуынша, 31-колонияда алдымен келіссөздерге барудың орнына, ресми әкімшілік күш көрсеткен. 31-колонияда қазанның 20-сындағы кепілдік дағдарысы кезінде депутат Тынышбел Ахматбаевпен бірге барған тағы да екі адам атып өлтірілген болатын.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG