Accessibility links

Голландия Тео ван Гогты еске алып жатыр


Голландия жұртшылығы осыдан бір жыл бұрын исламшыл экстремистің қолынан қаза тапқан кинорежиссер Тео ван Гогты еске алып жатыр. Ел астанасы Амстердамда өткен шараға жүздеген адам жиналды. Голландия бас министрі Жан Петер Балкененде Тео ван Гогты өлтірген азамат ел келбетіне кір келтірді, елдегі діни төзімділікке қарсы әрекет жасады деп айтты. Кинорежиссер Тео ван Гог ислам және басқа діндерді сынайтын. Тео ван Гогты өлтірген исламшыл Мұхамед Бауері қылмысқа діни себептен бардым деп мойындаған, қазір ол өмірлік абақтада отыр.
XS
SM
MD
LG