ВЕНА. БҰҰ-ның азаптауға қарсы арнайы өкілі Уашингтонның Кубадағы Гуантанамо Бэй абақтысындағы жағдайларды зерттеуге халықаралық инспекторларды жібермей отырғанымен келіспейтіндігін айтты. Манфред Новак Вашингтонның бұл әрекеті БҰҰ-ның миссиясына қайшы келеді деп мәлімдеді. АҚШ қорғаныс министрі Дональд Рамсфельд АҚШ үкіметінің бұл шешімін жақтап, Гуантанамодағы түрмеге Қызыл крест ұйымына берілген рұқсат сияқты БҰҰ-ның тергеушілеріне берілмеуі керек деді. кеше Уашингтон Пост басылымы АҚШ-тың орталық барлау агенттігінің күдікке ілінген экстермистерді ұстайтын 8 түрмесі бар, олардың біреуі Шығыс Европада орналасқан деп хабарлаған болатын. Болгария, Польша, Чехия және Румыния елдері өздерінде ондай орталықтың жоқ екендігін айтты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?