Accessibility links

АҚШ-тың жоғары лауазымды өкілі Қазақстанға келді


АСТАНА. Бүгін Астанада АҚШ Орталық қолбасшылығының басшысы генерал Джон Абизайд Қазақстан қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевпен кездесті. Кездесу барысында, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері, Қазақстанның АҚШ Орталық қолбасшылығымен қорғаныс саласындағы ынтымақтастығы, Қарулы күштерді қайта құру және дамыту мәселелері талқыланды. Генерал Джон Абизайдтың айтуынша, АҚШ-тың Орта Азиядағы қарулы күштері халықаралық лаңкестікке қарсы күрес үшін керек.
XS
SM
MD
LG