Accessibility links

Бүгін адам құқықтары бойынша “Хьюман Райтс Уотч” ұйымы Әзірбайжанның жаңа сайлау ережелерінің маңыздылығы мен оның уақтылы шыққанына күмән келтірді


НЬЮ-ЙОРК. Аталмыш ұйымның мәлімдемесінде бұл шаралар тым аз және оте кеш деп айтылған. Әзірбайжан парламенті жақында 6-шы қарашада болатын сайлауды қаржыландырылуының 30-пайыздан астамын сырттан алатын үкіметтік емес ұйымдарға бақылауға рұқсат етті. Сонымен қатар, сайлау ресмилері дауыс берушілердің саусақтарын сиямен бояп, нақты тізім жасауға, құжаттарды дұрыс әзірлеуге уәде еткен болатын. АҚШ бұл шешімдерді құптап қарсы алып, бұл шаралар сайлау қорытындыларын қолдан жасауға жол бермейді деп айтты. Бірақ адам құқықтары ұйымы оппозиция белсенділерінің тұтқындалуы, еркіндіктің шектелуі сайлаудың әділ өтуіне өз көлеңкесін түсірді дегенді алға тартуды.
XS
SM
MD
LG