Accessibility links

Бүгін американдық мемлекеттердің саммиті басталатын Аргентина аймағында АҚШ президенті Дж.Бушқа қарсы наразылық шерулеріне деген сақтық пен қауіпсіздік жағдайы күшейтілді


Мар Дель Плата. Саммитке Жер шарының батыс бөлігінің 34 елінің басшылары қатысады, олардың ішінде АҚШ президенті Дж.Буш та бар. Саммиттің басты тақырыбы – кедейлікпен күрес және Латын Америкасында демократияны нығайту мәселелері. Хабарларға қарағанда, соғысқа қарсылар мен солшылдардың наразылық акциялары болуы мүмкін. Солшылдар өздерінің баламалы саммитін ұйымдастырып жатыр, оған Венесуэла президенті Хуго Чавес қатысуы ықтимал.
XS
SM
MD
LG