Accessibility links

Франция бас министрі Доминик де Виллепин, кеше 8 министрді төтенше жиынға шақырды


Кабинет министрі Париж маңайы және өзге қалаларда соңғы он күнде болып жатқан бүлікшілдік, тәртіпсіздік әрекеттеріне байланысты жағдайды талқылады. İшкі істер министрі Николас Саркозидің айтуынша, тәртіпсіздік ретке келеді. Бірақ бүлікшілдік орын алған аймақтардағы кедейшілік мәселесінің жағдайын қарастырған жөн, дейді министр.

- Бұл мәселеде үкіметтің ортақ көзқарасы бар. Дағдарыс аяқталып, тәртіп орнатылар, бірақ ол кедей аймақтардағы әділетсіздікті реттеген жөн болар. Мен бұл жөнінде көптен бері айтып келе жатырмын, - деді Франция İшкі істер министрі.

Он күнге жалғасқан бүлікшілдік Торси, Лилле, Тулуза қалаларында да орын алды. Өткен түні тағы да 900-дей көлік өртеліп, 250 адам тұтқындалды.
XS
SM
MD
LG