Accessibility links

Францияда 11 күн бойы жаппай тәртіпсіздіктер жалғасуда


ПАРИЖ. Полиция басшысының хабарлауынша, соңғы түні 1400 көлік өртеліп, 400-ге жуық адам тұтқындалған. Сонымен қатар, Париждің оңтүстігінде 30 полиция қызметкеріне шабуыл жасалып, екеуі емханаға ауыр жарақатпен түскен. Ашуы шыққан жастар 11 түн қатарынан көліктерге, шіркеулерге, мектептер мен тағы басқа кеңселерге өрт қоюда. Жексенбі күні президент Жак Ширак министрлерді төтенше жиынға шақырып, елдегі дағдарысты талқылады.

“Біз полицияның әрекеттерін одан әрі күшейттіруге бағытталған нақты шаралар қабылдадық, өйткені үкіметтің қазіргі басты мақсаты - елде қауіпсіздік пен тәртіпті қалпына келтіру,” - деді Жак Ширак.

Бұл толқулар иммигранттар тұратын аймақтарда екі жасөспірім абайсызда электр тоғынан қаза болғаннан кейін, қазанның 27-сінен бері жалғасып келеді.
XS
SM
MD
LG