100-ден аса елден келген 400-дей дәрігерлер мен мал дәрігерлерінің бұл басқосуын Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы ұйымдастырып отыр. Азияның біраз елдері және Оңтүстік Африка бұл індетке қарсы күресте қаржылық көмектердің көбейтілуіне шақыруда. Әлемдік банктің есептеуінше онымен күреске бір жылда 800 миллиард доллар шамасында қаржы керек болуы мүмкін екен.