«Статистика бойынша, бұл орайда тұрақтылық тіпті кейбір көрсеткіштердің төмендегендігі байқалады. Қайтадан қылмысқа барғандар саны өспеген. Сондықтан қоғамдық пікірді ескере отырып жұмыс істесек, Қазақстан жуық арада өлім жазасынан мүлдем бас тартады», деді Рогов. Әлеуметтік сауалнама нәтижесіне сай, сұрастырылған тұрғындардың үштен бір бөлігі өлім жазасынан мүлде бас тартуға қарсы болып шыққан. Олар қылмыс өсіп кетуі мүмкін деген пікірде. Әйтседе, Қазақстан тұрғындарының пікірлері әр түрлі:
- Барлық Еуропа өлім жазасынан бас тартқан. Ресейде мараторий жариялады. Сондықтан, ол жаза бүзге керек жоқ.
- Адам қазір жұмсақтықты түсінбейді, басынады. Ал, өлім жазасы болса, ол артын ойлап, ісін қадағалайды.
- Негізі әр жағдай болады. Бірақ, ол жаза болсада, болмасада адам өлтіру қылмыстары болады. Сондықтан, Қазақстан үшін ол жазаны алып тастау керек.
- Кеңес одағындағы бұрыңғы баптарды қайта жаңғырту керек. Ол қазіргі қылмыскерлерді сабырға шақырады. Қазір нашақорлар, бетімен кеткен адамдар көбейген, бұрыңғыдай емес.
- Қазір өлтіріп тастасақ. Ол білместіктен істелген шығар. Біреудің айтуымен не түсінбестіктен істеген шығар.
- Біреу ішеді біреу тартады. Соны іздейді олар. Сол үшін әке-шешесін, інісін, әйелін өлтіріп жатқандар көп. Көріп жүрміз теледидардан. Заңсыз әрекет істегендерді қысу керек. Өлім жазасын алуға болмайды.
- Ол қылмысқа байланысты. Біреуге ол жазаны қолдануға болады, басқасына жоқ.
Кейбір заңгерлердің айтуынша, қылмысты кодекс баптарын жеңілдеткен соң қылмыс өршіп кетпейді. Өйткені, өміріне қауіп төнген кезде әсіресе қарумен шабуыл жасалса азаматтар өз қауіпсіздігін жүзеге асырғаны үшін жауапкершілікее тартылмайды. Тіпті шабуыл жасаушыны өлтірген жағдайда. Заң талаптарына сай айыпталушы мен жәбірленуші өзара татуласып, шығын өтелсе, қылмысты іс жабылады. Әлбетте, адам өлімі болмаған қылмыстарда. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың бас сарапшысы Арбол Арғыновтың айтуынша, Қазақстандағы қылмыстық ахуалды өлім жазасымен шешуге болмайды:
- Жай кісілер өлім жазасы болу керек, дейді. Ол бәрібір проблеманы шешпейді. Мәселен, сот қателігі болса, кінасы жоқ адам атылып кетуі мүмкін.
Сотталған адамдардың туыстары болса, осы сот қателігінен адамдар зардап шегеді, деген пікірде. Олар шағын топтар құрып, істерді қайта қарауды талап еткен. Шағымданушылар,-«дереу түрмелдерде отырған туыстарымызды босатуды талап етіп отырған жоқпыз, біз олардың істері сотта заң жүзінде әділетті қаралуын сұрап етіп отырмыз»,-дейді. Шағымданушылардың істерін зерттеген Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың бөлім меңгерушісі Талғат Берекетов бұл туралы былай деді:
- Сот шешім шығарған соң, оның астында басқа органдарды біз қалай басқа мемлекеттік органдардың іс-әрекетін қарастырамыз. Біз тексеріп кемшілік тапқанда да, сот шешіміне кеп тіреледі.
Кейбір заңгерлер Қазақстан әзірше өлім жазасынан үзілді кесілді бас тартуға техникалық тұрғыдан дайын емес, дейді. Сондықтан, елде, қылмысты процессуалды кодексте өмір бойы бостандығынан айыру ескерілгенімен тәжірибеде қолданбайды деген пікір бар. Ал, өмір бойы бас бостандығынан айырылған қылмыскерлерді қамауда ұстай үшін арнайы жағдай жасау қажет, дейді олар. Ал, ізгілендіру мақсатында заңдарға енгізілген соңғы өзгерістерден кейін, өлім жазасының ауқымы кемітілген, дәлірек айтсақ бұдан былай кәмелетке толмағандар, барлық әйелдер және 65 жастан асқан ер адамдарға бұл шара қолданбайтын болады. Осылайша, Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және қарым-қатынас ұйымының талаптарын орындамақшы, дейді заңгерлер.