Accessibility links

Түркіменстанда ұн бағасы шарықтап кетті


Елдің кейбір аймақтарында ұн табу тіпті мүмкін болмай отырса, басқа жерлерде ұнның бағасы орташа айлық жалықыдан да көп болып отыр. Жыл сайын, Түркіменстан президенті Сапармұрад Ниязов болса, биыл бұрынғыдан да рекордттық деңгейде астық алып отырмыз деп мақтанышпен мәлімдеп жатады. Осы жылы Ниязовтың өз өкілдері бұл мәселеде оны алдаған болуы мүмкін.

Осыдан бірнеше күн бұрын ғана Түркіменстанның ресми өкілдері осы жылғы астық өнімі рекордтық жоғары деңгейге жеткенін атап өткен болатын. Өткен айдағы халық мәслихатының жылдық кеңесінде, фермерлер одағының басшысы Мұратберді Сопиев Түркіменстанда енді ешқашан нан тапшылығы проблемасы болмайды деп айтқан.

“Мерекелік үстел нанға толы. Ең маңыздысы, нанды орташа бағамен алуға болады және қоғамға ұнның түрлі өнімдері ұсынылған. Нан тапшылығы өткен заманда қалды”-деген

Сопиевтің бұл сөздері, осы жылы 3 миллион тонна астық өнімі алынды, бұл 4,5 миллион халыққа жеткілікті деген хабарлардан кейін айтылып отыр. Ол рекордтық көрсеткішпен астық алынады деп жорамалдап айтылған бұл мәліметтер, экспорттық сауданың басындағы үміттерімен Ниязовтың фермерлерді астық пен астық өнімдерін көбірек алуға шақырған қысымынан кейін пайда болды. Бірақ, шындығына келгенде, бұл көпірме сөздер бүкіл ел бойынша ең кем дегенде жиналған есептерге үлкен қарама-қайшылықта қалып отыр.

Азаттық радиосының Түркіменстандағы тілшісі Аман Дәулетовтің айтуынша, елдегі астық өндіретін екі үлкен ауыл Мари мен Лебабтың оңтүсік шығысындағы ұн тапшылығы проблемасы туралы былай дейді:

“Қалалар мен ауылдардағы жағдай күн сайын қиындап барады. Ұнның бағасының көтерілгеніне халық алаңдап, ең жаманы ақшаға ұн табылмай отырғаны адамдарды шошытып отыр. Қалалар мен ауылдарда адамдар ұн сататындарды таба алмайды”.

Шығыстағы Балқанабад ауылы негізінен шөлді аймақ, ол жердегі жағдай тіпті қиындап кеткен деп хабарлайды Азаттықтың тағы бір тілшісі Шахмұрад Ақулы:

“Балқанабадтағы Жаннат базарында Қазақстанның ұндары сатылады. 50 килограмдық мөшектегі ұнның бағасы 650 мың манат, яғни долларға шаққанда 125 доллар. Бір килограм 13 мың манат. Орта табысты адам үшін бұл тым қымбат”.

Журналист Дәулетовтың сөзіне қарағанда, бұл тапшылық кейбір адамдардың шешуші қадамдарға баруына мәжбүрлеген. Ол адамдардың ұнды қандай жолмен алатынын былай түсіндіреді:

“Егер сіз оны заңсыз алғыңыз келсе, сіз ұн сатушыға құпия жағдайда барып, бір мөшек ұн сатып алудың орнына ішінде ұны бар бір чемоданды аласыз”- дейді.

Көптеген сарапшылар Түркімен үкіметінің таратып отырған экономикалық көрсеткіштеріне күмәнмен қарайды. Мәселен, Ниязов осы жылы елдегі жалпы ішкі өнім тіпті 20 процентке көтерілді деген. Осындай дерек сандарды соңғы онжылдан көп уақыт тәуелсіз бақылау еш мүмкін болмай отыр. Қазіргі ұн тапшылығы жөніндегі әңгімелер елде экономикалық өсімнің болмағанын көрсетіп отыр.

Александр Додонов бір кезде Түркіменстанның су көздері жөніндегі министрі әрі вице премьері болған. Қазір қуғында жүрген оппозицияның бірі, ол елдегі астық жағдайы туралы өз ойын былай жеткізеді:

“Бірінші себеп, артық есептеу болып отыр. Онда Ниязовтың алдында адамдардың есеп бергеніндей астық жоқ. Екінші себеп, олар жинаған астық сапасы төмен және ол адамдардың тұтынуына жарамсыз. Ол астық өнімдері малдарды жемдеуге тиімді”.

Ерте ме, кеш пе, бұл астық тапшылығы мен оны шетелден алу қажеттігі жайлы мемлекет басшысына әйтеуір біреу айтуы керек. Бірақ, Ниязов өз үмітін ақтамаған шенеуніктерін аямайтыны белгілі. Оның сыртында, бұл жағдайда көптеген жауапты өкілдер түрмеге жабылуы мүмкін. Александр Додоновтың пікірінше, осындай жазалаудан қорыққан ресми өкілдер бұл жағдайды Ниязовтың алдына келіп түсіндіріп айтуға қорқады.
XS
SM
MD
LG