Монровиа. Президенттік сайлауда берілген дауыстың 90 проценті саналғанда, Әлемдік банктің бұрынғы экономисі Эллен Джонсон-Сирлихке дауыс берген бюллетендер саны 60 процент болған. Оның бәсекелесі бұрынғы футболшы Джорж Вих сайлау комиссиясы қорытындыларды бұрмалады деп арызданған. Либериядағы БҰҰ қызметінің басшысы дауыс беру бейбіт және ашық жағдайда өтті деп сипаттаған.