Бір кездері Қытайдың төрағасы Мао Зедуң әлемге өз күшін әйгілемек болып тасқынды өзен Яңтзені басынан соңына дейін жүзіп өткен екен. Ал енді Қытайдың қазіргі елбасы Ху Жинтао өз атағын дипломатиялық әлемде марафондық деңгейдегі жиі сапарымен аты шығып отыр. Президент Ху соңғы айларда Еуразиядағы саяси басқосулардың бәрінен дерлік қалмай жүр.
Қай елде болса да президент Ху Жинтао, сіздер Қытайдың билік күші, беделінен қаймықпаңыздар, керісінше, өзара жақындасып, ынтымақта болуға тырысыңыздар, дейді. Мысалы, Ханойда болған кезінде Вьетнам Ұлттық ассамблеясына қатыса отырып, Қытай елбасы Ху өткен аптада былай деді:
- Біздің негізгі саясатымыз – Азия елдерін бейбіт байланысқа шақыру. Олар өзара мүдделілік жағдайында экономикалық салада қызметтес болуы керек. Қауіпсіздік мәселесінде өзара сенімді түсіністік байланыста болып, мәдени мәселеде бірлесе отырып әрекет жасауын тілеймін.
Бұл орайда Қытай елбасының ол сапарлары жөнінде сарапшылар не дейді? Лондондағы падишалық біріккен қызметі орталығынан Александр Нейлдің айтуынша, президент Ху мен бас министр Уен Жиобао Қытай қазіргі кезде әлемге өзін жаңа сипатта көрсеткісі келеді. Ол екі жетекші Қытайды әлемдік сахнадағы жағдайға жауапты елдің бірі дегісі келеді. Нейлдің пікірінше, қызыл байрақты желбірететін кез артта қалған.
- Қазір Қытай жыл сайын 9 пайыздық даму деңгейінде, экономикалық өркендеу кезіндегі керемет жағдайда. Ал егер сәл кем 7 пайыздық өсімнің өзінде Қытай әлем елдері базарында алдағы шепте болары сөзсіз, - дейді Лондондық сарапшы.
Дегенмен, кейіп өзгергенімен, кейбір негізгі ақиқат оңайлықпен өзгере салмайды, дейді Нейл. Жалпы алғанда солай. Лондондағы падишалық халықаралық талдау орталығынан зерттеуші Йи Лудың айтуынша, Қытай бір партиялық жүйеде қалғанымен, саяси майданда үлкен өзгерістерге қол жеткізген.
- Қытай коммунистік партиясы барлық жаңа реформаны жасап отыр. 1970-жылдармен салыстырғанда үлкен өзгерістер орын алды. Саяси реформасыз мұндай табысқа жету мүмкін емес еді, - дейді сарапшы.
Қытайдағы мұндай тез өсу қарқынына өзге елдер қалай қарайды екен? Тайванның тәуелсіздігін қолдайтын АҚШ-тың өзі Қытайдағы әскери саладағы дамуға аса алаңдай бастады. Жақында АҚШ қорғаныс министрі Рамсфельд, егер тек қана қорғаныс үшін қажет болса, онда Қытайға осыншама заманауи әскери техника неге қажет? - деген сауал тастады. Лондондақ талдаушы Нейл болса ол сауалға:
- Қытай өз энергетикалық қорларын, шикізаттарын қауіпсіз жағдайда ұстауы керек. Сол үшін және аймақтық бақылау билік күшіне ие болу үшін икемді Халықтық Азаттық армиясы қажет болады, - деп жауап береді.
Ал енді адам құқықтары мәселесіне келсек, президент Ху бұл салада айтарлықтай өзгеріс кіргізе алмаған болар. Себебі, сейсенбі күні АҚШ Мемлекеттік департаменті жариялаған баяндамада Қытай діни төзімділік, адам құқығы мәселесі бойынша әлемдегі ең төменгі жағдайда қалған 8 елдің бірі ретінде аталыпты.