Accessibility links

Ауғанстанда қыркүйек айында өткен парламент сайлауының түпкілікті қорытындылары кеше жария болды


Кабул. Парламенттік мандаттан үміткерлердің барлығы да тәуелсіз кандидаттар болған, дегенмен де бақылаушылардың айтуынша, 249 орынның басым көпшілігін президент Хамид Қарзайды қолдайтын үміткерлер иеленген. Жеңіске жеткендердің қатарында өткен жылғы президент сайлауында Қарзайдың бәсекелесі болған Мохамед Юнус та бар. Сондай-ақ, Талибан көтерілісшілері белсенділік танытып тұрған Забул провинциясында депутаттық мандатқа қол жеткізгендердің бірі - Талибанның бұрынғы белгілі командирі Молла Абдул Салам Ракети.
XS
SM
MD
LG