АҚШ мемлекеттік хатшысы К.Райс бұл Болашақ форумына қатыса отырып, заң билігі іске асқанда, БАҚ-дары еркін болғанда, үкімет ашық және өз халқына жауапты болғанда, тәуелсіз сот әділдігіне қол жетіп, барлық азаматтар тең құқылы мүмкіндікке ие болғанда ғана Демократия баянды болмақ, деді. Дегенмен Араб елдерінен келген өкілдер Араб-Израиль жанжалы шешілмей тұрып бұл салада жетістік бола қоймас дегенді айтты.