Accessibility links

Бүгін Өзбекстанның Жоғарғы соты Әндіжандағы қанды оқиғалар бойынша айыпталып отырған 15 кісіге байланысты үкім шығарады деп күтілуде


ТАШКЕНТ. Айыпталып отырған 15 кісі Өзбекстанда қарулы көтеріліс ұйымдастырғандарын, сонымен қатар, конституциялық үкіметті құлатуды жоспарлағандарын мойындады. Егер Жоғарғы сот 15 кісіні айыпты деп тапса, онда олар 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ресми Ташкент 13-ші мамыр күнгі оқиғаларда 187 адам қаза тапты, олардың көбі лаңкесттер десе, ал күәгерлер мен кейбір батыс елдері болса үкімет күштері наразылық танытушыларға қарсы оқ атқан соң, жүздеген қарапайым адам құрбан болған дейді.

Басқа да хабарларға қарағанда, бүгін Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен кездеседі.
XS
SM
MD
LG