Accessibility links

Қазақ оппозициясы З.Нұрқаділовтің өлімін тергеуге шетелдік сарапшыларды қатыстыруға шақырады


АЛМАТЫ. Қазақ оппозициясының “Әділетті Қазақстан үшін” бірлестігі республиканың заң мекемелерін сенбі күні түнде өз үйінде табылған З.Нұрқаділовтің қазасын әділ де ашық тергеуге және тергеу барысына шетелдік сарапшыларды жіберуге шақырды. Жексенбі күні “Азаттық” Радиосына берген сұхбатында З.Нұрқаділовтің отбасының адвокаты Серікқали Мусин марқұмның денесінде жүрек тұсынан 2 оқтың және басынан 1 оқтың іздері аңғарылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, оның атап көрсетуінше, кісі өлген жерден оқтың ізі бар шағын жастық табылған. Алматы қалалық полициясының бастығы Молдияр Оразалиев З.Нұрқаділов өзінің оппозициялық әрекеті үшін қаза болды деген күдікті жоққа шығарды. З.Нұрқаділов - осыдан 2 жыл бұрын қазіргі президент Н.Назарбаевты сынға алып, оппозиция жағына өткен болатын.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG