Accessibility links

Адам құқын қорғаушылар 15 адамды түрлі мерзімге кескен өзбек сотын “спектакль” деп әшкерелеуде


ТАШКЕНТ. Бүгін Өзбекстанның Жоғарғы соты мамыр айында Әндіжандағы халық толқуына байланысты іс бойынша 15 айыпталушыны ұзақ мерзімдерге бас бостандығынан айыратын өкім шығарды. Отырыстың басында Бас судья Бақтияр Жамолов: “Олар діни экстремистік “Акрамия” ұйымының белсенді мүшелері ретінде олар Өзбекстан Республикасының қазіргі конституциялық билігін құлатып – Ислам халифатын құруды көздеді; сол мақсатта олар қарулы топ ұйымдастырып, көп және ауыр қылмыстар жасады”, деп айыптады. 15 күдіктіге “лаңкестікпен шұғылданды”, “конституциялық билікті құлатпақ болды” және “кісі өлтірді” деген айыптар тағылды. Барлығы 14-тен 20 жылға дейінге мерзімдерге кесілді. Адам құқын қорғаушы ұйымдар сот процесінің барысын “спектакль” деп сипаттап, өткір сынға алды. Әндіжандағы қантөгіс барысында, ресми мәлімет бойынша, 187 адам құрбан болды. Адам құқын қорғаушылар өзбек армиясы бейбіт халыққа оқ жаудырып, одан 700-ге жуық кісі қаза болды деп мәлімдеп келеді.
XS
SM
MD
LG