Accessibility links

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Амманға келді


АММАН. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Иордания патшасы Абдолламен кездесу үшін Амманға келді. Райс ханым өткен аптадағы лаңкестік шабуылдарға байланысты Американың одақтасы Иорданияға көңіл білдіреді.

“Иордания халқымен бірге екенімізді айту үшін Иорданияға АҚШ президенті және Америка халқының атынан келдім. Иордания да қайғылы уақытта бізді қолдаған болатын,” деді АҚШ мемлекеттік хатшысы.

Иорданиядан кейін Райс ханым Таяу Шығыс мәселелерін талқылау үшін Иерусалимге қайтып барады.
XS
SM
MD
LG