Accessibility links

Ресми Кабул 2 қастандық үшін “Әл-Қаида” ұйымын айыптау үстінде


КАБУЛ. Ауғанстан полициясы Кабулда болған 2 террористік қастандық үшін Әл-Қаида ұйымының жасақтарын айыптап, шабуылдаған жанкешті-лаңкестерді қоса есептегенде құрбандардың саны 8-ге жеткенін хабарлады. 2 шабуылдың барысында да автобомбаға отырған жанкешті-лаңкестер НАТО басқаратын халықаралық қауіпсіздік күштерінің автокөліктерін нысанаға алды. Полицияның хабарлауынша, екінші жарылыстан кейін жол бойындағы арықтан 6 ауғандықтың мәйіті табылды. Құрбандардың ішінде 1 неміс жауынгері мен сәби бар. Осыған байланысты БҰҰ-ы өзінің Кабулдағы қызметкерлеріне не үйден, не кеңседен шықпай отыруға нұсқау берді.
XS
SM
MD
LG