Accessibility links

Ресей президенті кешегі тағайындаулары бойынша жарлықтарға бүгін қол қойды


МӘСКЕУ. Ресей президенті Владимир Путин кеше жариялаған жаңа тағайындаулар бойынша жарлықтарға бүгін қол қойды. Оған сәйкес, 1-інші вице-премьер болып тағайындалған Д.Медведевтің орнына президент әкімшілігінің басшысы болып Түмен облысының бұрынғы әкімі Сергей Собянин тағайындалды. Ресей премьерінің тағы 2 орынбасары бар: бұл лауазымдарға қорғаныс министрі қызметін сақтап қалған С.Иванов және А.Жуков тағайындалды. Президенттің федералдық Приволжье және Қиыр Шығыс өлкелеріндегі өкілетті өкілдері ретінде С.Кириенко мен Константин Пуликовскийдің орындарына Башқұртстанның бұрынғы Бас прокуроры мен Қазан қаласының бұрынғы әкімдері тағайындалды. Ал С.Кириенко – атом энергиясы бойынша федералдық агенттіктің төрағасы болып отырды.
XS
SM
MD
LG