Accessibility links

2001 жылғы 11 қыркүйек террорлық шабуылын зерттеген АҚШ-тың тәуелсіз комиссиясы дүйсенбі күні үшінші баяндамасын жариялады


Онда осыдан бір жыл бұрын комиссия таратылған кезде оның жасаған ұсыныстарынан Буш әкімшілігінің қандай қорытынды шығарғаны турасында айтылған. Бұл құжатта Американың сыртқы саясаты мен Буштың барлық күш-жігері АҚШ-тың мұсылман әлемі алдындағы бет-бейнесін жақсартуға бағытталып отырғандықтан, ядролық қару-жарақ мәселесі жайына айрықша назар аударылған.

Қазір формалды түрде «АҚШ-қа террорлық шабуылдар турасындағы Ұлттық комиссия» деп аталатын бұл комиссия осы аталған үш бағытта да проблемалар таптық дейді. Әсіресе, Буштың мемлекеттік-қоғамдық дипломатиясында күрделі деген мәселелер бар дейді олар.

Осы аталған комиссия басшысының бұрынғы орынбасары Лии Хамилтон Буш әкімшілігін Мұсылман әлемін бүкіләлемдік сауда саласына толықтай ішкерілеп енуге көмектесті деп, бұл тұрғыда жақсы жағынан атап өтті. Және ол осы реттегі Буштың мемлекеттік хатшысының орынбасары Карен Хьюстың қоғамдық дипломатиясына мадақтау баға берді.

Хьюс АҚШ пен Мұсылман әлемі арасындағы мәселелерді жақсы түсініп, оны алға жылжыта алады деп ескеріліп, бұл қызметке ол осыдан екі ай бұрын ант беріп қабылданған болатын.

- Мен мұнда Американың ұлттық қауіпсіздігі мен бүкіл әлемдегі балалардың бейбіт болашағы үшін әр елдегі түрлі ұлттар мен түрлі сенімдегі адамдар арасында құрмет пен сыйластық, сенімнің орнауына ықпал етуден артық қажеттілік жоқ деп ойлаймын.

Хамилтон Хьюс маңызды бастау туралы айта отырып, комиссия хабарламасын басшылыққа алған деп атап көрсетеді:

- Қоғамдық дипломатия ол бір бағыттағы жол емес. Бұл және хабарлама тарату емес. Бұл қарым-қатынас, байланыс. Қоғамдық дипломатия - қарым-қатынасты дамыту мен міндеттемелер процесі. Біз батыл түрде кең көлемде қоғамның барлық элементтеріне, әсіресе жастарға жетуіміз керек. Біз жалған ақпараттқа тосқауыл қойып, біздің идеяларымызды шешендікпен, күшпен жеткізуіміз керек.

Хамилтон сондай-ақ Хьюстың әрекетіндегі қарама-қайшылық не дейтін болсақ, ол Ирақтағы Абу-Ғрайб түрмесінде тұтқындардың азапталып-қорлануы жөніндегі жаңалықтың және АҚШ-тың террорға қарсы күресіндегі сұрақ туғызатын басқа да әрекеттерінің бүкіл әлемдегі мұсылмандарға жетуінде дейді.

Хамилтон және комиссияның бұрынғы басқа да мүшелері әзірге АҚШ үкіметінің 11 қыркүйек шабуылына байланысты әрекетінің көпшілігі себепті елдің сырт көз алдындағы, демек шекараның арғы жағындағы бет-бейнесін жақсарту күш-жігерін жоққа шығарады дейді. Комиссияның тағы бір бұрынғы мүшесі Ричард Бен-Венице мұндай мінез тұтқындар ғана емес, АҚШ-тың өзіне де нұқсан келтіреді дейді.

- Бұл қимылдар Американың негізгі принциптері мен идеяларына қайшы келеді. Қарапайым айтқанда, бұл американдыққа қарсы деген сөз. Бұлар бізді адам құндылықтарын, әділеттілікті бағалайтын, құқықтық талаптарға жауап беретін ұлт екендігімізден алыстата түседі. АҚШ Сенаты осындай мінез-құлықтың алдын алып, оны болдырмас үшін кейбір шаралар жасауға, мәселен, терроршылар деп күдіктелген тұтқындарды азаптау, оларға қорлық көрсету әрекеттерін заңсыз деп тану сияқты, - дейді ол.

Вице-президент Дик Ченей Сенаттың көзін Орталық Барлау агенттігін босату сөйтіп, ол тергеу-зерттеу, дерек жинау істерін жалғастыра беруі дегенге жеткізді. Буш болса, Сенат бұл шараны қоспайтын болса, вето саламын деп қорқытты. Бен-Венице міне, бұл ең үлкен қателік болады деп атап көрсетеді.

Сөз болып отырған баяндамада ядролық қару-жарақ таратпау бағытында бірқатар прогресс бар деп жазылған. Атап айтқанда онда Дж.Буш пен Ресей президенті Вл.Путиннің өз елдеріндегі ядролық қорларды залалсыздандыру тұрғысында жасаған келісімдерін жақсы атайды, бірақ басқа жағынан алғанда АҚШ үкіметі Әл-Қаиданың жаппай-қырып жою қаруын жасау немесе оны иеленуінің алдын алатындай нақты көп нәрсе істей алмады дейді. Осы комиссияның бұрынғы жетекшісі Томас Кин Буш мұны өзінің басты бағыты етуі тиіс дегенді айтады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG