Accessibility links

Бағдадта 150 тұтқын азапталыпты деген жағдай жөнінде тергеу басталды


Ирақ бас министрі Ибрағим Әл-Жафари Бағдад түрмесінде 150-ден астам азамат азапталыпты деген жағдайды тергеуге бұйрық берді. Бұл азаматтар Бағдадтағы ішкі істер министрлігінің түрмесі АҚШ сарбаздары тарапынан тінтілгенде жексенбі күні табылды. Ибрағим Әл-Жафари түрме тұтқындары ашаршылықта отырған, олардың кейбіреуі азапталған көрінеді дейді. Тергеу комитетіне мәселенің анығына жетуге екі апта уақыт берілді. Киркөк және Бағдад қалаларында көтерілісшілердің шабуылдарынан кеше 15 Ирақ азаматы қаза тапты. Ирақтың батыс аймағында кеше үш АҚШ сарбазы қаза тапты.
XS
SM
MD
LG