Франция парламентінің жоғары палатасы сенат елдегі бүлікті басу мақсатында төтенше шаралар заңының жобасын қарамақ бүгін. Заң жобасы кеше төменгі палатада мақұлданды. Заң қабылданады деп күтіліп отыр. Төтенше шаралардың арасында комендант сағаты тәртібі қарастырылған. Франциядағы көтерілістер Париж маңында екі ересек бала кенеттен қаза тапқаннан кейін басталды. Көбі Африкадан шыққан жастар нәсілшілдік және жұмыссыздық мәселеріне наразы. Үш апта ішінде сегіз жарым мың мәшине және жүз қоғамдық ғимарат өртелді деп ресми хабарланды.