Accessibility links

Ирақ сүннит саясаткерлері Бағдад түрмесіндегі даулы мәселені тексеру үшін халықаралық тергеуді талап етті


Ирақ сүннит саясаткерлері Бағдад түрмесінде отырған азаматтар шиит жауынгерлері тарапынан азапталыпты деген мәлімдемелерді тексеру үшін халықаралық тергеуді талап етті. АҚШ әскері жексенбі күні Бағдадта Ирақ түрмесін тінтіп, азаптауға тап болды деп сезіктелетін 173 азаматты тапқан. Ирақ бас министрі Ибрағим Әл Жафари тергеу бастауды бұйырды. АҚШ сыртқы істер министрлігі Ирақ үкіметі тиісті тергеуді жасай алады, халықаралық тергеудің қажеті жоқ деді. БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан Ирақ үкіметінің тергеу жасатқызып отырғанына қанағат танытты.
XS
SM
MD
LG