Accessibility links

Әзірбайжан оппозициясы парламенттік сайлауды қайтадан өткізуді талап етіп отыр


Әзірбайжан оппозициясы 6 қарашада өткен парламенттік сайлау қортындысын мойындамай, қайтадан дауыс беруге шақырды. Парламентке өте алмай қалған 500 шақты оппозициялық үміткер кеше ел астанасы Бакуде кездесіп, ресми қортындыны мойындамаймыз деп мәлімдеді. Ресми мәліметке қарағанда, парламенттегі 125 мандаттың жартысына жуығын билік басындағы "Иени Әзірбайжан" партиясы иемденіп алды. Сайлау қортындыларына наразылық танытқан демонстрация кеше Нардаран қаласында да өтті, оған 200 адам қатысты. Батыс елдерінің бақылаушылары Әзірбайжандағы сайлау халықаралық талаптарға сай емес, еркін және әділ өткен жоқ дейді.
XS
SM
MD
LG