Пусан. Бүгін Оңтүстік Кореядағы Азия-Тынық мұхит елдері жетекшілерінің Экономикалық ынтымақтастық саммиті алдында кездескен Ресей президенті Вл.Путин мен АҚШ президенті Дж.Буш басқа да бірқатар мәселелермен қатар, Иран мен Солтүстік Корея, Сирия мәселелері төңірегінде ой бөлісті. Буш алдымен Путинге алғысын білдірді:
- Влдамир, сізге рахмет, бұл саммитті жүргізгеніңізге. Мен сізбен әрқашанда пікір алысқанды жасы көремін, демалып қаламын. Сіздікі дұрыс, біздің қарым-қатынасатрымыз өте маңызды. Біз сіздің кеңестеріңізді және қарым-қатынастарымыздың стратегиясын бағалаймыз.
Буштың кеңесшісі АҚШ президенті Иранға егер ол ел қалайтын болса, ядролық бағдарламасының кейбір технологияларын Ресейге орналастыру жөніндегі жоспар ұсынғаны үшін Путинге рахмет айтты дейді. Сондай-ақ қос президент Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына байланысты алтыжақты келіссөзді жалғастыру, Сирияны тергеушілермен ынтымақтаса жұмыс істеуге шақыру турасында да талқылаулар өткізген.