Ирақтың Қанақын қаласында кеше екі жанкештілік шабуыл жасалды, кемінде 74 адам қаза тапты, кемінде 75 адам жараланды. Бомбалар жұрт лық толы екі шиит мешітінде жұма намаз сәтінде жарылды. Иранмен шекаралас Қанақын қаласында шииттер мен күрдтер жасайды. Бағдадта мұның алдында бірнеше сағат бұрын екі машинада бомба жарылды, кемінде алты адам қаза тапты, 40 шақты адам жараланды. Нысанаға ішкі істер министрлігі кеңсесінің маңындағы "Хамра" қонақүйі алынды.