Accessibility links

"Баку-Тбилиси-Жейханның" алғашқы мұнайы Түркияға жетті


"Баку-Тбилиси-Жейхан" құбыржолына құйылған алғашқы мұнай кеше Түркияның Пософ қаласына келіп жетті. Бұл туралы елдің энергетика министрі Хилми Гюлер жария етті. 1760 километрге созылған құбыржолдың грузиялық бөлігі қазан айында ашылса, әзірбайжандық бөлігі мамыр айында ашылған. Құбыр арқылы Әзірбайжанда жұмыс істеп жатқан халықаралық консорциумның мұнайы Каспий теңізінен Түркияның Жерорта теңізі жағалауына апарылады. "Баку-Тбилиси-Жейхан" құбыржолы толық күшіне 2009 жылы кіріп, бұдан соң күніне бір миллион баррель мұнай тасымалданады деп күтіліп отыр.
XS
SM
MD
LG