Accessibility links

Назарбаев Украинадан революция емес, ұшақ келгенін қалайды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше Украина сапарын аяқтады. Екі күндік сапар барысында Украинаға мұнай және газ сату мәселелері қаралды. Украина парламентінде сөйлеген соң Назарбаев демократиялық революциядан кейін сайланған елдің жаңа президенті Виктор Ющенкомен кездесті. Баспасөз мәслихаты барысында журналистер Назарбаев Виктор Ющенкомен "қызғылт-сары революция" мәселесін талқылады ма, жоқ па деп сұрады. Назарбаев Украинада жасалатын ұшақты сатып алу мәселесін талқыладық, Украинаға мұнай, газ, ауыл шаруашылық өнімдерін сату мәселелерін талқыладық, басқа ұсыныстар қаралған жоқ, оның қажеті де болмады деп жауап қайтарды.
XS
SM
MD
LG