Accessibility links

Пәкістанға 5 миллиард 800 миллион доллар көмегі уәде етілді


Пәкістанға жерсілкінісінің салдарын жоюға көмектесеміз деген елдер мен халықаралық ұйымдар үш миллиард доллар сомасына қосымша шараларды атқаруға уәде айтты. Ел астанасы Исламабадта кеше өткен донорлық конференцияның нәтижесі осындай. Жерсілкінісінен кейінгі қайта жөндеу шараларына ұзын саны 5 миллиард 800 миллион долларды үәде айтылып отыр. Бұл Пәкістан сұраған сомадан 600 миллион доллардан асады. БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан әлем үкіметтері, азаматтық қоғам және бизнес қауымына қайырылып, апат аймағын қайта қалпына келтіруде қайырымды болуға шақырды. Кашмирдың Пәкістан басқаруындағы бөлігінде қазан айында болған жерсілкінісінен 73 мыңнан астам адам қаза тапқан, жарты миллион адам баспанасыз қалды.
XS
SM
MD
LG