Ресей президенті Владимир Путин бүгін Токио қаласына келіп, екі күндік Жапония сапарын бастамақ. Жапония бас министрі Жюнихиро Койзуми келіссөздер шынайы және конструктивті жағдайда өтсе деп тілек білдірді. Ел басшылары Ресей мен Жапония арасындағы төрт дауылы арал жайында да сөйлеспек. Совет әскері бұл аралдарды Екінші дүниежүзілік соғыс соңында басып алған. Арал даулары Ресей мен Жапония арасында Екінші дүниежүзілік соғыс заманындағы текетірестеріне нүкте қоятын формалды түрдегі бейбіт келісімді жасатпай отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаң лагерінде қорлық көрген
Қазақстан азаматтығын ала алмаған Тұрсынай АҚШ-тан саяси баспана сұрады
-
Сайлаудан кейін
Қырғыздың жаңа конституциясы тағы бір толқуға әкеле ме?
AzattyqTV