Accessibility links

Иран өзінің ядролық нысандарына халықаралық тексерушілерді жібермейді


ТЕҺРАН. Иран парламенті үкіметке егер Теһранның “ядролық бағдарламасы проблемасы” БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына берілген күнде, елдің ядролық нысандарына халықаралық инспекторларды жібермеу міндетін жүктеді. Иран парламентінің бұл шешімі атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің бейсенбіге белгіленген кезекті мәжілісі қарсаңында қабылданып отыр. Оның күн тәртібінде Иранның ядролық бағдарламасы мәселесі тұр. Кеше Иран үкіметі халықаралық инспекторларды Теһранның іргесіндегі әскери нысанға оны тексеру қажетттігін дәлелдемей жатып жібермейтінін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG