Accessibility links

Израиль премьері көктемде өтуі мүмкін парламент сайлауына жаңа центристік партия жасақтап түспекші


ТЕЛЬ-АВИВ. Израиль баспасөзінің хабарлауынша, премьер-министр А.Шарон өзінің билік басындағы “Ликуд” партиясы құрамынан шықпақшы. Осы хабарларға қарағанда, А.Шарон партия қатарынан шығатынын бүгін ресми түрде хабарлап, парламентті тарату және жаңа ұлттық сайлауды тағайындау жөнінде Израиль президенті Моше Кацавқа өтініш жолдамақшы. 77 жастағы А.Шарон алдағы наурыз айында өтуі мүмкін парламент сайлауына түсу үшін жаңа центристік партия жасақтайтын сияқты. А.Шаронның өзі немесе оның көмекшілері әзірше еш сыр білдірмей отыр. Бірақ ол Газа аймағынан еврей қоныстары мен Израиль армиясын шығару мәселесі бойынша өзі бастаған “Ликуд” партиясы өкілдерімен ортақ тіл таба алмады. Кеше Израильдің Еңбек партиясы да коалициялық үкіметтің құрамынан шығу туралы шешімге келді.
XS
SM
MD
LG