Accessibility links

Сербия үкіметі Косово өлкесіне толық тәуелсіздік емес, кең автономия беруге дайын


ПРИШТИНА (Сербия-Монтенегро). Бүгін БҰҰ-ының өкілі Мартти Ахтисаари Косово өлкесінің құқықтық мәртебесін анықтау мәселесі бойынша бастапқы келіссөз өткізу мақсатында Приштинаға келуге тиіс. Финляндияның бұрынғы президенті М.Ахтисаари Сербия мен Косово халқының басым бөлігін құрайтын албан лидерлері арасындағы тікелей келіссөзге дәнекер болмақшы. БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі осы келіссөздің басталуын қазан айында мақұлдады. Косово халқының 90 процентін құрайтын албандар тәуелсіздік алуды көздейді. Алайда Сербия Косовоны өзінің құрамдас бөлігі санап, өлкеге кең автономия беруге дайын. Косово өлкесі – 1999 жылдан бері Сербияның билігінен шығып, БҰҰ-ының әкімшілігіне қарайды.
XS
SM
MD
LG